О сайте

Сайт жеті тәулікке арналған ауа райы болжамдарын және нақты ауа райы туралы ақпаратты ұсынады. Болжамдар сайтта тәулігіне екі рет толығымен жаңартылады: UTC 5:00 және 17:00-ге қарай. Жақын 5 тәулікке (120 сағат) арналған болжамдардың қосымша жаңартылуы жоғарыда көрсетілген толық жаңартулардың арасында жүзеге асады: UTC 11:00 және 23:00-ге қарай. Жаңа бақылау деректері сайттың дерекқорына тәулігіне сегіз рет, әр үш сағат сайын қосылады: әдетте, UTC 0:45, 3:45, 6:45, 9:45, 12:45, 15:45, 18:45 және 21:45-те. METAR форматындағы жаңа бақылау деректері сайтқа сағатына бір-екі рет, әуежайлардағы ауа райын бақылағаннан кейін шамамен 12 минуттан соң келіп түседі.

Ақпарат нақты уақыт көрсетілуімен кесте түрінде ұсынылады. Сондықтан сайтқа Ауа райы Кестесі аты берілді.

rp5.ru - бұл: rp- Ауа райы Кестесі
5 -келермендердің айтуынша біздің болжамдарымыздың нақтылығы "беске", яғни өте жақсы.
.ru - Ресейдің

Назар аударыңыз

Ауа райы болжамдары ешқашан да 100 %-ға нақты болмайды. Бақыланатын метеорологиялық жағдайлар жиі болжамдарға қайшы келеді. Біз бұл сайтқа метеорологиялық ақпараттың жалғыз көзіне жүгінбеуге және болжамдарды алмастырмауға кеңес береміз. Иегерлер мен қызметші персонал сайттың ақпаратын дұрыс жолмен емес қолданғаны нәтижесінде туған зардаптар үшін жауапкершілік көтермейді.